"Шекарасыз жұмыс" жұмыссыздықты шеше ала ма?


© Sputnik
ЕАЭО елдері "шекарасыз жұмыс" біріңғай жұмыс іздеу жүйесін іске қосады, деп хабарлайды ЭК.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша бұл жүйе 1 шілдеден бастап іске қосылады. Онда азаматтар қай елде қандай жұмыс барын, керісінше жұмыс берушілер өздеріне керекті түрлі мамандық иелерін еш қиындықсыз таба алады.
"Шетелдік әріптестермен бірлесе отырып жасалған жоба жан-жақты зерттелді. Жұмыс іздеу жүйесін тек ЕАЭО мүше елдері пайдалана алады. Мәселен армяндарда "Горц", Беларусь мемлекеті мен қырғыздарда ақпараттық портал , Ресейде "Работа в России" істесе, Қазақстанда "Еңбек" порталы жұмыс істейді", — деді Ербол Оспанов.