Еуро-2020: Ширек финалдың күнтізбесі

Бек ТӨЛЕУОВ

UEFA.com

Еуропа чемпионатының 1/8 финалының барлық ойындары аяқталды, деп хабарлайды ЭК.

Енді 2 шілдеден бастап, ширек финалдың ойындары өтеді. Құрлық біріншілігінің үздік сегіз командасының қатарына 2014 жылғы әлем чемпионы Германия, 2016 жылғы Еуропа чемпионы Португалия, 2018 жылғы әлем чемпионы Франция жолдама ала алмады.

Еуро-2020 чемпионатының 1/4 финалының күнтізбесі (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша):

2 шілде, 22:00: Швейцария — Испания ("Газпром Арена", Санкт-Петербург);

3 шілде, 01:00: Бельгия — Италия ("Альянц-Арена", Мюнхен);

3 шілде, 22:00: Чехия — Дания ("Олимпиада стадионы", Баку);

4 шілде, 01:00: Украина –Англия ("Олимпико", Рим).

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров