Әлем чемпионы әкім болғысы келеді

Нұрболат АДЫРБЕК

instagram / ilyailyinforever

Біраз уақыт бұрын спорттық мансабын аяқтаған танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин саясатпен біржола айналысуға бел буған секілді, деп жазады ЭК.

Ол болашақта әкімдік қызметпен айналысуды жоспарлап отырғанын айтады. Бұл туралы спортшы "Жетінші арнаға" берген сұхбатында мәлімдеді.

"Әрине, мен спорттық мансабымды аяқтағанда бәрін ойландым. Мемлекеттік қызметкер — әкім, орынбасар болуды да қоса ойладым. Бірақ маған бұл салада біраз тәжірибе керек. Енді он жылдай тәжірибе жинақтап, жасым қырықтан асқанда әкімдік қызметке ауысамын. Мен қазір балалар мен ересектер жаттығатын спорт кешенінің директорымын. Мұнда спорттың 12 түрінен 700 шәкірт білім алуда. Осы қызметте біртіндеп менеджментті үйреніп жатырмын. Негізі бұл жұмысым да мемлекеттік қызметке жақын", — деді Ильин.

Айта кетейік, 33 жастағы Ильин 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдары ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров