Қазақстан киберқауіпсіздік рейтингінде Израиль мен Қытайды басып озды

Экспресс К

Pixabay

Қазақстан жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде 193 елдің ішінде 31-ші орынға табан тіреді, деп хабарлайды ЭК.

Соның нәтижесінде еліміз биыл кибершабуылға төтеп беретін жоғары деңгейлі мемлекеттер қатарына кірді.

БҰҰ Халықаралық телекоммуникация одағының мәліметі бойынша, еліміз 2020 жылы 40-шы, 2019 жылы 83-ші орында болған.

Ал сарапшы мамандардың айтуынша, Қазақстан ТМД елдерінің рейтингінде екінші орынға жайғасқан.

Жаһандық киберкауіпсіздік индексіндегі еліміздің жақсы көрсеткішке қол жеткізуіне мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнестің бірлескен жұмысы әсер еткен.

Биыл рейтинг бойынша еліміз Қытайды (33-орын) және Израильді (36-орын) басып озды.

2020 жылдың индексіндегі елдер пандемияға қарамастан өздерінің киберқауіпсіздігін жақсарту үшін қарқынды жұмыс істеп жатқанын растайды,

деп атап өтті Халықаралық телекоммуникация одағы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров