ССКӨБ энергия үнемдеуде тың тәсілдерді қолданады

Экспресс К

ERG баспасөз қызметі

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ III Халықаралық энергия үнемдеу форумы аясында өтіп жатқан байқаудың «Энергия тиімді өнеркәсіптік кәсіпорын» аталымында жеңіске жетті.

Кәсіпорынның "Энергосервистік келісімшарт механизмі бойынша үнемді LED-шамдарды пайдалану арқылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту" жобасы үздік деп танылған, деп хабарлайды ЭК.

Нұр-Сұлтан қаласында III Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Германия, Жапония, Ресей және халықаралық ұйымдар мен бизнес құрылымдардың жетекші сарапшылары қатысты. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мәселелер талқыланды. Форум жұмысы барысында "Саланың үзідіктерін құрметтеу" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ССКӨБ "Энерготиімді өнеркәсіптік кәсіпорын" аталымында көшбасшы деп танылған.

2019 жылы бірлестікте өндірістік алаңдарды жарықтандыруды энергияны үнемдейтін жарықтандыру аспаптарына көшу жобасы басталды.

— Энергия тиімді LED-шамдарды пайдалану арқылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасы энергосервистік келісімшарт жағдайында іске асырылды. LED-шамдарын орнату үшін есеп айырысу электр энергиясы ақысынан үнемделген қаражаттан төленеді. Мамандардың есебі бойынша, жаңа бағдарламаның өтелу мерзімі — шамамен үш жыл. 2020 жылғы нақты сандар бар. Сағатына 31 019 133 киловат электр энергиясы үнемделген. Ақшаға шаққанда бұл — 309 миллион 260 мың 757 теңге. — дейді ССКӨБ-тің электрлендіру және энергетикалық шаруашылық бөлімінің жетекші энергетигі Евгений Маканков

Қазір өндірістік алаңдардағы жарықтандыру заманауи стандарттарға сай келеді. Қазіргі заманғы жарықдиодты шамдарда жыпылықтаудың болмауы қызметкерлердің денсаулығына, жұмыс сапасының жақсаруына және еңбек жағдайларының қауіпсіздігіне оң әсер етеді. LED-шамдар сынап буы мен оның қосылыстарының болмауына байланысты экологиялық қауіптерді де төмендетеді.

Республикалық байқауда жеңіске жеткен жобаның екі жылдық барысын мына сілтемеден көре аласыз. Нәтижесінде ССКӨБ бөлімшелерінде 12 мыңнан астам LED-шамдар орнатылды.

Ақпарат үшін: ССКӨБ — темір кендерін өндіру және байыту бойынша Қазақстандағы жетекші кәсіпорын. Оның құрамына: Соколов, Сарыбай, Қашар және Қоржынкөл карьерлері, "Соколовская" шахтасы, Алексеев доломит кеніші, Кен дайындау және байыту, шекемтастарды өндіру фабрикалары, кен-теміржол және автомобиль көлігінің басқармалары, жылу электр орталығы, технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасы және басқа бөлімшелер мен цехтар кіреді.

Өндіріс қызметінің негізгі бағыттары: темір кендерін, доломитті, әктастарды, құрылыс қиыршықтастарын өндіру және өңдеу болып табылады. ССКӨБ-тің негізгі өнімі — қождандырылмаған темір кен шекемтастары мен темір кенді концентрат. Шикі кенді өндіру және өңдеудің жарты жылдық өнімділігі– 40 млн тонна.

EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Eurasian Resources Group (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров