Түркістан облысында браконьерлікпен айналысқан ерлі-зайыптылар сотталды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

ПД баспасөз қызметі

Мемлекетке келтірілген материалдық шығын 8 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды ЭК.

Сондай-ақ, бұл іске қатысты бар екі жергілікті тұрғын темір торға тоғытылды.

Тергеу 3 айдан астам уақыт бойы жүргізілген. Сөйтіп, қылмыстық іс 23 томды құрапты.

"Қайталанып жасалған сараптамалар, қосымша жүргізілген жедел шаралар, жалған құжаттармен балық көрші облысқа шығарылғандығына байланысты аудиторлық тексерулер тағайындалды. Осылайша 2020 жылдың қараша айында айыптау ісі сотқа жіберілді. Араға 7 ай салып, 2021 жылдың маусым айында сот өз шешімін шығарды", — дейді аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Алтынай Жолымбекова.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын Түркістан облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері Шардара су қоймасынан браконьерлердің қылмыстық тобын ұстаған болатын. Олардан 13 қайық пен балық аулау құралдары және екі тоннаға жуық балық тәркіленді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров