Covid-19 жұқтырғандар арасында жастар көбейді

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Соңғы бес айда қауіпті індетті жұқтырушылар арасында 30-40 жас арасындағылар көп тіркелген, деп хабарлайды ЭК.

Елімізде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 2016 науқас тіркелген. 596 адамның жағдайы өте ауыр, 103 науқас орташа жағдайда, ал 83 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Соңғы жеті күнде стационарға жатқызылғандардың саны 29% өскен.

"Елорданың өзінде вирус жұқтырғандар саны 600-ге өскен. 1300 ауру станционарда жатыр. Сәуір айынан бүгінге дейін жастардың жұқтыруы көбейді. Бұл мәселе тек елімізді ғана емес, әлемді алаңдатып отыр", — деді Нұр-Сұлтан қаласы "Көпбейінді медициналық орталық" директорының орынбасары Сәуле Атығаева Орталық коммуникациялар қызметінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров