Еліміздің жеңіл атлеттері Олимпиадаға 4 жолдама алды

Экспресс К

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық жеңіл атлеттер Токиода өтетін Олимпиада ойындарына тағы төрт лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды ЭК

Olympic.kz сайтының жазуынша, екі спортшы жолдаманы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының әлемдік рейтингіне сәйкес ие болса, төртінші жолдаманы елімізде өткен жарыс нәтижесі бойынша қол жеткізген.

Осылайша, Ольга Сафронова, Михаил Литвин және Ирина Эктова #teamKZ қоржынын жолдамамен толықтырды.

Ольга Сафронова, әйелдер арасында 100 және 200 метр қашықтықта жарысқа 2 лицензия жеңіп алды.

Михаил Литвин, ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Қазақстан намысын қорғайды.

Ирина Эктова, Алматыда өткен жарыстағы нәтижесі бойынша үш қарғып секіруден Олимпиадаға қатысады.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін жеті жолдама болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров