Жамбыл облысында да мал қырылатын түрі бар

Экспресс К

Бейнеден кадр

Жамбылдық шаруаларға мал азығын жинау мұңға айналып отыр, деп хабарлайды ЭК Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Шөбі шүйгін деп саналатын Мойынқұм ауданын да қуаңшылық жайлаған. Жылда маялап шөп алып, мыңғырта мал жаятын мына Тұлпарсаз жайлауының сыйқы сүреңсіз. Шаңы шығып, шөбін қуаңшылық қуратқан. Амалы таусылған шаруалар шөпті ауыл маңынан емес 150 шақырым жерден тасуға мәжбүр.

Биыл жаңбыр болған жоқ. Жел болды. Жердің бәрі кеуіп кетті. Шөп жоқ. Шөпті жайылма Мойынқұм жақта жайылма жерлер бар. Солардан қалғандарын орамыз. Шөп іздеп жатыр. Жан-жақтан алып жатыр,

дейді шаруа Бағдатбек Асқаров.

Мойынқұм ауданы бойынша 24 мың гектар шабындық жер болса, оның жартысы қуаңшылықтан құрып кеткен. Енді амалсыз жұрт жайылым жердегі бар шөпті жиып алып жатыр. 210 мың бас малы бар ауданға қыстық шөптің 132 мың тоннасын әзірлеу керек. Биыл бұл меженің орындалмайтын түрі бар. Ал, жергілікті билік болса мәселені шешудің жолы бар шөпті сыртқа шығармай өзімізге жинау дейді. Бірақ жергілікті атқамінерлер артылған шөпті сату жөнінде айтып кетті.

"Бірінші өзіміздің тұрғындар мен шаруа қожалығын қамтамасыз ету керек. Артылғанын сату қажет. Сондай қаулы қабылданып, сондай тапсырма берілді. Қаулы бойынша комиссия құрылды. Қанша шөбіміз бар, қаншасы артылады? Соны комиссия анықтайды", — дейді Мойынқұм аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізов.

Жалпы облыстың мал азығына деген қажеттілігі 1 миллион 712 мың тонна. Бүгінгі күнге дейін оның 350 мың тоннасы ғана әзірленген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров