Бюджет қаржысын шенеуніктен бастап қарапайым есепшілер де жымқырады

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Атырау облысында былтыр 432 млн теңге бюджет қаржысы жымқырылып, 574 млн теңге тиімсіз пайдаланған, деп жазады ЭК.

Атырау облысының ревизиялық комиссия төрағасының міндетін атқарушы Аслан Құмаров ЭК тілшісіне 2020 жылы 174 мемлекеттік және оған қарасты мекемелерді тексеріп, 74 млрд теңге бюджет қаржысының жұмсалуын тексерді.

"Бұдан басқа, 2020 жылға арналған аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша 166 тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 114 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, құқық қорғау органдарына жолданған материалдар ішінде 10 ұрлық бойынша іс бар, бюджет ақшасын жымқырудың жалпы сомасы 432 миллион теңге",- деді Құмаров.

Сондай-ақ 312 млн теңге бюджетке кері қайтарылып, 102 млн теңге сот орындаушыларымен өндіріліп жатыр.

Мәселен, облыс аумағындағы ауыл әкімдігінің бас есепшісі қызметкерлердің жалақысы мен іссапарына бөлінген 22 миллион теңгені өзінің жеке банк картасына аударғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылса, дәл осындай алаятықпен балабақша есепшісі 26 млн теңге қалтасына басады.

Бір мектептің екі есепшісі 50 млн теңгені мектеп қазынасынан ұрлап, 6 жылға сотталды.

Қазіргі таңда Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровтың соты өтіп жатқандығын айта кету керек. Облыстың шенділері құрылыс компаниясын тексеріспен қорқытып, 182 млн теңге пара сұраған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров