Елімізде кедей отбасылар көбейді

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елде табысы күнкөріс минимумнан төмен отбасылар үлесі 2021 жылдың бірінші тоқсанында 4 пайыздан 4,5 пайызға артты, деп хабарлайды ЭК.

Finprom.kz сайтының жазуынша, қалаларда көрсеткіш 2,4 пайыздан 3,2-ге көтерілсе, ауылдарда еш өзгеріс жоқ — 6,3 пайыз.

Өңірлер арасында табысы күнкөріс минимумынан төмен үй шаруашылықтар үлесі Түркістан облысында тіркелген — 9,1 пайыз. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (6 пайыз) және Маңғыстау (5,8 пайыз) облыстары тұр.

Ең төмен көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Қалада төменгі кірісі бар отбасылар үлесі 1,6 пайызға тең.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров