Мұнай кен орнында адам сүйектері табылды

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында адам сүйектері табылды, деп хабарлайды ЭК.

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

Теңіз кен орнында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар жерді қазу кезінде адам сүйектерін тауып алған. Кейін тереңірек қазған кезде адамның қаңқалары шығып, сол маңнан араб тілінде жазылған зират тастарын тапқан.

"Құрылысшылар Жылыой аудандық полиция бөліміне хабарласып, оқиға орнына қызметкерлеріміз барды. Сүйектер сараптамаға жіберілді. Ескі зират болуы мүмкін"

дейді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

ЭК тілшісі табылған зират тасының суретін жергілікті имамға көрсетіп еді, ол бұл адамдардың сол маңда мекен еткен 1890 жылдары қайтыс болған адамдардың сүйегі болу мүмкін екендігін айтты.

Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының орталығында 11 адамның сүйегі табылған. Кейін оның 1921 жылғы сәуірде казактардың ақ жасақтарымен болған шайқастарда қаза тапқан қызыл әскер жауынгерлерінің сүйектері екені белгілі болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров