Картоп үшін Өзбекстанға кеткен министр шие сатып алуға келісті

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Орталық Азия елдеріне жасаған сапары аяқталды, деп хабарлайды ЭК.

Министр әлеуметтік желіде жеті күнде 2 мың шақырым жол жүріп, 3 миллион доллар келісімшартқа қол қойып келгенін жазды.

"Бірнеше кооперациялық жобаларды іске асыру туралы келістік және бірқатар бағыттар бойынша: агроөнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, IT, машина жасау, электр энергетикасы ынтымақтастығы бойынша жоспарлар белгіледік.Ең бастысы, құрамына шенеуніктер де, бизнес те кірген біздің бүкіл делегация сауда маршруттарын/дәліздерді салу жөніндегі бірыңғай команда ретінде жұмыс істеді", — дейді Бақыт Сұлтанов.

Ол сапарының соңғы күнінде Ташкенттің хокимі (әкімі) Джахонгир Артыкходжаевпен келіссөздер жүргізгенін атап өтті. Ташкентте "Сергек" жобасын іске асыруды және біздің "Alageum Electric"компаниясының трансформаторлық өндірісін ашуды пысықтаймыз деп отыр.

Осыдан бір апта бұрын Сауда және интеграция министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтіп, Сұлтанов сол күні Орталық Азия елдеріне баратынын хабарлаған.

Министр: "негізгі мақсат — форвадтық келісімшарттарды пысықтау. Соның ішінде картоп, сәбіз, пияз пен қырыққабат сияқты өнімдерді өзара жеткізу мәселесі де бар" — деген еді.

Алайда іс-сапардан оралған Сұлтанов, Өзбекстан мен Қырғызстаннан картоп әкелетіні туралы ашып ештеңе жазбаған. Есесіне, шиеге қарық қылатынын мәлімдеген.

"Соңғы екі күнде екі келісімшартқа қол қойылды. Біріншісі-өзбек шиесін сатып алу үшін 500 мың доллар.

Сонымен қатар, келісімшарт жасасқан қазақстандық компания кейіннен Дубайдың сауда желілеріне жеткізуге жоғары сапалы өзбек және қазақстандық шиенің ірі партиясын жинауды жоспарлап отыр.

Екінші келісімшарт — Соғды облысының Гафуров ауданынан қазақстандық сауда желілеріне жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу туралы. Бұл келісімшарт та жарты миллион доллар", — дейді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров