Кентауда "Зил-52" көлігі түгі қалмай жанып кетті


Бейнеден кадр
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ЭК.
Желіде жүк көлігінің жанып жатқан видеосы тарады. Бейнедегі кадрлардан "Зил-52" көлігі түгелімен өртке оранғандығын көруге болады.
Бұл оқиға бойынша Кентау қаласының №12 өрт сөндіру бөліміне 20 сағат 58 минутта хабарлама түскен. Оқиға орнына 10 минутта жеткен өрт сөндірушілер жалынның бетін қайтарып, толығымен сөндіріпті. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.