Алматы әкімдігі: Бұқа – біздікі емес

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Әлеуметтік желіден

Алматы қаласындағы Атакент іскерлік орталығы алдындағы «алып тиынның орнына қойылады екен» деген бұқа мүсінінің иесі табылмай тұр, деп хабарлайды ЭК.

Қала көшелерінде жұртты таңқалдырған алып мүсіннен шаһар әкімдігі мүлде хабарсыз болып шықты. Бақытжан Сағынтаевтың баспасөз қызметін алып бұқа қатты қызықтырып, жан-жағына сұрау салыпты.

Атакент тұрған аудан әкіміне хабарласса, ол жерде ешқандай мүсін қойылып жатпағанын айтқан. Мәдениет басқармасы да мүлде бейхабар екен.

"Бұқа жекеменшік компанияның мүлігі болуы мүмкін. Кімдікі екенін нақты білмейміз. "Бұқа біздікі емес" деп, әкімшіліктердегі әріптестеріміз бірдей жауап қайтарды", — деп ақпарат берді Алматы қаласының баспасөз қызметі ЭК тілшісіне.

Әзірге, алып бұқаның иесі кім екені, оның қайда қойылатыны әзірге жұмбақ болып тұр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров