Жұттан малы өлгендерге өтемақы төленбейді

Ержан ШАЙЖАН

Facebook / Уәлихан Жұмағұлов

Қызылорда облысы, Арал ауданындағы қырылған малға мемлекеттен ақша берілмейді, деп хабарлайды ЭК.

Аштықтан Арал ауданында 600-ге тарта мал басы қырылды. Бұған өңірдегі қуаңшылық пен жайылымдағы шөптің тапшылығы себеп. Шаруалар қолындағы төрт түлігін қора-жайында ұстауға мәжбүр.

Бұған дейін тұрғындар малдарының белгісіз кеселден қырылғанын айтқан болатын. Бірақ ветеринария мамандары мал өлекселерінен ешқандай ауру белгілерін таппағанын айтып отыр.

"Сараптама қорытындысы бойынша ешқандай ауру анықталған жоқ. Барлық сынамалар теріс нәтиже көрсетті. Өңірдегі мал су ішетін көлдер де тексерілді. Тұздылығы артқанымен, одан гострофилез ауруы табылмады",-деді Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев

Бүгінде қуаңшылықтың салдарынан аудан бойынша 800-ден аса ірі қара сыртқа сатылып кеткен. Ал әкімдіктегілер мәселені шілденің алғашқы 10 күндігінде шешеміз деп уәде берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров