Ақтөбе маңындағы қорымнан сармат дәуіріндегі құнды жәдігерлер табылды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Облыстық тарихи өлкетану музейі

Ақтөбе қаласының маңындағы «Қурайлы-3» зиратының бірінші қорғанынан ерте сармат дәуіріндегі құнды бұйымдар табылды, деп хабарлайды ЭК.

Елек өзенінің сол жағалауындағы қорым шамамен біздің заманымызға дейінгі VI- V ғасырға жатады. Яғни бұл жерден 2400-2500 жыл бұрынғы бұйымдар табылып отыр. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қорымға қазба жұмыстары жүргізілген. Ал бұл жолғы зерттеу жұмыстары кезінде археологтар ерекше бұйымдарды тапты. Қорымда сол дәуірдегі Елек бойын жайлаған сарматтар жерленген.

Облыстық тарихи өлкетану музейіОблыстық тарихи өлкетану музейі
Облыстық тарихи өлкетану музейі

Қазба жұмыстары кезінде алтыннан жасалған әйелдердің әшекей бұйымдары, сүйек қасық, темірден жасалған қанжар, қылыш, қоладан жасалған жебе және басқа да бір біріне мүлде ұқсамайтын бұйымдар табылды. Қола айна, қыштан жасалған ыдыстар, ер-тұрман бұйымдары да бар. Құнды жәдігерлердің қатарына жататын құрбандық табақ, қоладан құйылып жасалған түйенің бейнесіндегі тартпа доғасы табылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Аслан Мамедовтың айтуынша, ең басты ерекшелігі — жерлеу әдісі. Ғылыми қызметкер бұл жерден бірегей қабір кешенін байқауға болатынын айтады. Себебі жерлеу әдістері өзгеше. Мәселен, бір қорғанда сегіз қабір бары анықталған. Жиырмаға жуық адамның сүйегі табылған.

Жалпы қорымнан табылған бұйымдарға қарап, сол дәуірдегі Елек өзенінің бойын жайлаған халықтың мәдениетін, дүниетанымын байқауға болады. Сол кезде-ақ металл балқытылып, одан түрлі бұйымдар жасалған. Темір, мыс, алтынды қалай қолдану керектігін білген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров