Биыл елорданың 143 мың тұрғыны көгілдір отынның игілігін көреді

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Биыл Нұр-Сұлтанда тағы 143 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді, деп хабарлайды ЭК.

"Газдандыру — Елбасының ауқымды жобасы. Бұл жоба экологияны едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, өйткені жеке сектор тұрғындары көмірмен жақпайды, нәтижесінде қауіпсіздік артады, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайы жақсарады. Мәселен, осы жылдың маусым айында Көктал-1 тұрғын алабы газға қосылды, осылайша тағы 2600 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Біз сыртқы желілерді жүргізгеннен кейін тұрғындар оны үйдің ішіне өткізуі керек", — деді елода әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуни кациялар қызметінде.

Сондай-ақ өткен жылы Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптары мен Агроқалашық аудандарының газға қосылмаған бөлігіндегі жұмыс аяқталады. Онымен қоса Промышленный аудандарына газ тарату желілерін салу жалғасады. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елдімекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізіп жатыр. Биыл тағы 317 шақырым газ тарату желісі салынбақ. Оның 200 шақырымы бірінші жартыжылдықта салынып аяқталады екен.

Осылайша, биылғы жылыту маусымында тағы 7 тұрғын үй алабы газға қосылуға мүмкіндік алады. Мысалы, өткен жылы 43 мың тұрғын газға қосылған.

Газдандыру басталған сәттен-ақ елорда әкімдігі әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйіне газ өткізу бойынша әлеуметтік көмек көрсету тетігін енгізгенін айта кету керек. Әлеуметтік көмек алу үшін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтінім жіберуге болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров