Нұр-Сұлтанда биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады


Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы қаланың барлық ауданында жүргізіліп жатыр. Биыл бұл көрсеткіш 10 000-ға жетті, деп хабарлайды ЭК.
Қала тұрғындарының маңызды және өзекті мәселелерінің бірі — тұрғын үй. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту жүйелі жүргізіліп келеді.
Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, ал 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер салынса, 2020 жылы осындай 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді,
Енді биыл жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 10 мыңға жетпек. Жақында әлеуметтік аз қамтылғандар арасында кезекте тұрған отбасыларға 400-ге жуық пәтер кілті беріледі. Соңғы үш жылда қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 еседен аса ұлғайғанын да мәлімдеді қала әкімі.