Атырау облысында ыстықтан адамдардың қан қысымы көтеріліп жатыр

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Атырау облысында аптап ыстық салдарынан жедел жәрдемді шақыру жиілеп кетті, деп хабарлайды ЭК.

Облыстық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің хабарлауынша, егер бұған дейін тәулігіне орташа есеппен 750-800 шақырту келіп түсетін болса, аптап ыстықта шақыртулар саны 950-ге дейін өскен.

"Демалыс күндері облыс тұрғындарынан түскен қоңыраулар 1100-ге дейін жетті. Тұрғындар жоғары қан қысымы мен инсультқа қатысты көп шағымданып жатыр"

деді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыста жедел респираторлық аурудың таралуы да артқан. Дәрігерлер мұны бөлмедегі температураның өзгеруімен, салқын су ішумен байланыстырады.

Соңғы апталарда Атырау облысында температура бағамы +40 градустан асып, аптап ыстық сезілуде. ЭК танымал аспаздың көшеде жұмыртқа қуырғанын және салқындағысы келген иттердің Жайық өзеніне түсіп жүргенін жазған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров