Түркістандағы "Керуен сарай" құрылысына қатысты тағы да видео тарады

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Ирина ГАЛУШКО

Бейнежазбадағы кадрлардан арканың төбесі құлағанын көруге болады, деп хабарлайды ЭК.

Бұл мәселе бойынша пікір білдірген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Нысан басшылығының айтуынша, келушілердің қауіпсіздігін сақтай отырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мен әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұраймын", — деп жазды Сакен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында.

Бұдан бұрынырақта әлеуметтік желіде Шыңғыс Лепсібаев есімді азамат Түркістан қаласындағы "Керуен сарай" кешенінің қабырғасы пенопластпен толтырылып, сырты арзан материалмен қапталғанын айтып, соның видеосын таратқан болатын. Ал бұл мәселеге жауап берген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қоғам белсендісінің бұл әрекетін арзан пиарға теңеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров