Алматыда пәтер жалдаушы үй иесін пышақтап тастады

Экспресс К

Pxhere

Қанды оқиға Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды ЭК.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел бір бөлмені жалдаған. Үй иесі оларға ішімдік ішіп, шулауға болмайтынын айтып, ескертіпті. Бірақ олар мұны құлағына да ілмеген сыңайлы.

"Ол жалға алынған бөлмеден шыға салысымен екеуі ішімдік ішіп, көңіл көтерген. Үй иесі оларға тағы да ескерту жасаған. Осы кезде арада жанжал шығады. Әйел үстелдің үстіндегі пышақты алып, үй иесіне сұғып алған. 50 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды", — дейді Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер.

Күдіктілер ұсталып, Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров