Шаруалар 60 миллиард теңгеге форвардтық келісім-шарт жасады

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Азық-түлік өнімдерін форвардтық сатып алу аясында фермерлерге пайызсыз қаржылық көмек көлемі 63 пайызға артты, деп хабарлайды ЭК

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл аванс беру көлемі 40 миллиард теңгені құраған. Осы уақытқа дейін 760 мың тоннадан астам астық сатып алуға келісім-шарт жасалған.

Ал 2020 жылы форвардтық сатып алуға 24,5 миллиард теңге жұмсалды. Ол қаржыға 480 мың тонна астық сатып алынған. Күзге таман тағы қосымша дәнді дақылдар өндірісіне 60 миллиард теңге инвестиция тартылмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров