LRT құрылысын аяқтауға 1 миллиард доллар қажет

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

LRT құрылысы қайта басталғанымен, жұмыс қарқын ала қойған жоқ. Әзірге техникалық сараптама өтіп жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Құрылыс жұмыстары бұрынғы шартқа сәйкес, қаражаттың түсуіне байланысты жүргізіледі.

"Қазір конкурстық рәсімдер, банктерді таңдау жүріп жатыр. Қаржыландыру көзін анықтаған соң, жұмысты жандандырамыз", — деді Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, техникалық сараптамаға қосымша қаражат тартылмаған. Ол ішкі резерв есебінен орындалады.

"Бастапқыда 2,6 миллиард доллар болған еді. Біз оны 800 млн долларға төмендеттік. Қазір жобаны аяқтау үшін шамамен бір млрд доллар қажет. Біз сыртқы қарыздарға конкурс жарияладық. Банк анықталғаннан кейін қосымша хабарлаймыз,

деді қала басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен мәжілісте LRT құрылысы ісін тергеуді жеделдетуді тапсырғанын айта кету керек.

Істі тергеу 2020 жылдың басында аяқталды. Тергеу барысында 10-нан астам адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 3 адамға Интерпол желісі арқылы іздеу жарияланған. Іс сотқа 2020 жылдың 2 қазанында жолданды. LRT ісі бойынша 6 млрд теңгеге жуық қаржыны талан-таражға салғандар 7-10 жылға сотталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров