Алматыда үнді штаммының үлесі 78,3 пайызға артты

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©AP/Virginia MAYO

Алматыда өткен тәулікте 36 адам "дельта-штамм" жұқтырған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер мәлім етіп, қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Өткен тәулікте мутацияға түскен штаммдарды анықтау мақсатында Алматыда 46 үлгі зертелді. Оның 36-сында "дельта-штамм" анықталған. Үнді штаммының үлесі 78,3 пайыз болып отыр. "Альфа-штамм" (британиялық) сегіз үлгіде табылды. Оның үлесі 17,4 пайыз,

деді СЭБД өкілдері.

Қазіргі таңда індет қоздырғыштарының түрі ауысып жатқаны белгілі болып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров