Ақтауда құрылысшылар шетелдік жұмысшылармен жанжалдасып қалды (видео)

Жұмазия ОРАЗАЙ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Кеше кешкі уақытта «RIXOS WATER WORLD AKTAU» қонақ үйінің қасында құрылыс жүргізіп жатқан жұмысшылар бір-бірімен төбелесіп қалған, деп хабарлайды ЭК.

Кәсіпорынның күзет қызметі мен сол құрылыс алаңының қоғамдық тәртібін бақылайтын полиция қызметкерлері жағдайдың ушығып кетуіне жол бермеді. Ал оқиға орнына жедел жеткен Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшылары екі тараппен де әңгіме жүргізген.

"Аталған дерек бойынша оқиғаға қатысушылардан ешқандай шағым түспеген. Қазіргі уақытта жанжал басылды. Жағдай тұрақталып, бақылауға алынды", — деді ПД баспасөз қызметінің өкілі Айгерім Ибатуллаева.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров