Ақтауда суға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Жұмазия ОРАЗАЙ

Бейнеден кадр

Каспий жағалауындағы тыйым салынған жерге барып суға түскен ол содан шықпай қалған, деп хабарлайды ЭК.

Кеше кешкі сағат ондар шамасында Ақтау қаласының 4 ықшамауданындағы "қауіпті аймақ" деп белгіленген жағалаудан суға сүңгіген ер адам жоғалып кеткен. Содан бері іздестіру шаралары жүріп жатыр. Құтқару жұмыстарына 5 сүңгуір мен 1 техника жұмылдырылған.

"Кешкі сағат 22:03-те жағалаудағы полиция қызметкерлеріне ер адамның суға батқаны жөнінде шұғыл хабарлама келді. Жедел құтқару жасағы 22-05-те шығып 22:10-да 4 шағынаудандағы жағалауға жетті. Бірақ теңіздегі толқынның күшеюі сүңгуірлердің жұмысына кедергі келтірді. Бірақ әлі де құтқарушылар сол маңайда іздестіру шараларын жалғастырып жатыр," — деді Маңғыстау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бастығы Назар Ізтілеуов.

Сондай-ақ, бүгін таңертең теңіздегі ауа райының қолайсыздығына қарамай жүзу тақтайшасымен теңізге шыққан 4 қыз желмен тереңдікке қарай ығып кеткен. Оларды жағалаудағы құтқару жасағының қызметкерлері құтқарып үлгерді. Біреуіне сол арада жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жағдайлары жақсарған соң төртеуі де үйіне қайтарылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров