ҰБТ тапсырмай-ақ оқуға түсуге болады

Ержан ШАЙЖАН

Маргарита Имандосова / Бейнеден кадр

Сырттағы қандастар "Отанға барар жол" байқауы арқылы қазақстандық ЖОО-на түсе алады, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Маргарита Имандосова мәлімдеді. Айтуынша "Отанға барар жол" олимпиадасына қатысып топ жарған қандас түлектер ЖОО-на жолдама алады.

Жеңімпаздарға 20 грант қарастырылған.

Қазіргі таңда 5 млн-ға жуық қандасымыз сырт елдерде тұрады. Маргарита Имандосова бұл жоба Отанына оралғысы, білім алғысы келетіндерге берілген зор мүмкіндік дейді.

Ол үшін үміткерлер қазақтың атақты, танымал тұлғалары туралы эссе жазып, онлайн сұхбаттан сүрінбей өтуі керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров