7 мыңға жуық вакцина дозасы жарамсыз болып қалды

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алматыдан Талдықорғанға жеткізілуі тиіс «Спутник V» вакцинасының 6875 данасы жол апаты кесірінен жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды ЭК

Маусым айының басында СК-Фармация ЖШС-нің Алматыдағы қоймасынан Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына 12 мыңға жуық "Спутник V" вакцинасы жеткізілуі тиіс болған.

Алайда жеткізуші "KFK Medservice Plus" ЖШС-нің көлігі жол апатына ұшыраған. Апат салдарынан көліктегі екпелердің жартысынан астамы жарамсыз болып қалды.

Бұл оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Апат салдарынан 6875 құты "Спутник V" вакцинасына зақым келгені арнайы сараптама арқылы анықталды. Қазіргі таңда жасалған келісім-шартқа сәйкес, логистикалық жабдықтаушы болып табылатын "KFK Medservice Plus" ЖШС жоғалған, бүлінген тауарларды орнын ауыстыру арқылы өтеуге міндеттеліп отыр. Ешқандай зақым келмеген басқа вакциналар Талдықорған қаласына жеткізілді", — деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, ресейлік бұл вакцинаның бір дозасының құны 21,9-26 АҚШ доллары шамасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров