Түркістан облысында ірі жол апатынан 2 адам көз жұмды


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Тас жолда төрт көлік бірден соқтығысқан, деп хабарлайды ЭК.
Кентау-Түркістан тас жолында Lexus, Volkswagen, Daewoo және ВАЗ соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Daewoo-ның жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Жарақат алған осы көліктің тағы екі жолаушысы Кентау қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Жол апаты бойынша сараптама тағайындалды. Полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр.