Ұшатын машина екі қала арасындағы сапарын жасады

Экспресс К

© Klein VISION

Ұшатын машина Словакияның Нитра және Братислава қалаларының әуежайларына 35 минутта ұшып қонды, деп хабарлайды ЭК

AirCar гибридті ұшағы BMW қозғалтқышымен және кәдімгі жанармаймен жұмыс істейді.

Бұл машинаны ойлап тапқан профессор Стефан Кляйн оның шамамен 2500 метр биіктікте сағатына 170 шақырым жылдамдықпен 1000 шақырымға ұша алатынын және осы уақытқа дейін 40 сағат бойы әуде болғанын айтты. Оның автокөліктен ұшаққа айналуы үшін екі минут 15 секунд жеткілікті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров