Президент жерді сатуға жарияланған мораторийді 5 жылға ұзартатын заңды бекітті

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп Ақордаға сілтеме жасап ЭК хабарлайды.

Заңның мақсаты — жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу және жер телімін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту.

Негізгі заңдық өзгерістер мен толықтырулар қазақстандықтар мен қазақстандық заңды тұлғаларға ауылшаруашылық жерлерін 49 жылға дейін жалға алуға, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімін тағы да ұзартуға құқық береді. Сондай-ақ мемлекеттен сатып алынбаған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға алу құқығынан айыруды көздейді.

Сонымен бірге ондай жер телімін пайдалану мерзімі — кемінде 5 жыл. Жер қатынастары жөніндегі органдарға хабарлама беру міндетті.

Құжатта мынадай міндеттер де ескерілген:

— Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке қайтару;

— ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің "көгалдандыру" және "саяжай құрылысы" мақсаттарын өзгертуге тыйым салу;

— халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жоспарларында талап етілетін жайылымдық шекараларды анықтау;

— ұсынылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпаратты мемлекеттік жер кадастрының интернет-ресурсында орналастыру;

— ауылшаруашылық жер телімдерін қазақстандықтарға жеке меншікке беруге жарияланған мораторийді 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров