Қазақстан Ресейден газ сатып алмақ

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қазақстанның энергетика министрлігі елдің солтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз ету жолдарын ұсынды, деп хабарлайды ЭК.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев брифингте газ тартудың екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі — Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына отандық отынды тарту мәселесі. Министр ол үшін мұқият есеп-қисап жасап, экономикалық тұрғыдан қаншалықты тиімді болатынына баса назар аудару керектігін алға тартты.

Ал екінші нұсқа — газды Ресейден тасымалдау. Келіссөздер барысында Ресей тарапы ұзақ жылдық келісім-шартпен ғана, яғни 30 жылға газ беретінін жеткізген. Ноғаевтың айтуынша қазір екі нұсқаға қатысты бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайсы тиімді болса, сол нұсқа бойынша жұмыс атқарылады.

Солтүстікке газ тарту мәселесін жақын уақытта шешуді энергетика министрлігіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров