Қазақстандық оқушылар төрт қола медаль жеңіп алды

Нұрболат АДЫРБЕК

ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз орталығы

Сингапурда өткен Халықаралық олимпиададан төрт оқушымыз қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ЭК.

Олимпиада Сингапурдың Ұлттық университетінде 19-28 маусым аралығында онлайн режимінде өтті. Зияткерлік сайысқа әлемнің 88 елінен барлығы 351 мектеп оқушысы қатысқан. Бұл туралы ҚР БҒМ ресми сайты хабарлады.

"Халықаралық білім додасында ел намысын Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалалары мектептерінің оқушыларынан құралған команда қорғады. Олардың барлығы информатика пәні бойынша бақ сынады. Жарыс барысында қатысушыларымыз тапсырмаға сәйкес екі кезеңде алты алгоритмдік есептерді шығарған. Нәтижесінде ұлттық құрамада төрт қола медаль бар. Олардың иелері — Жамбыл Мақсұтов, Мансұр Мүкімбеков, Альтаир Ашуров, Мухаммадариф Сахмолдин. Бұл оқушылар бұған дейін де информатика саласындағы жоғары республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып келген", — делінген хабарламада.

ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз орталығыҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз орталығы
ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз орталығы

Айта кетейік, өткен жылы да Халықаралық информатика олимпиадасы қашықтан өткізілген болатын. Ол жарыста Қазақстан оқушыларынан құралған командасы бір күміс медаль жеңіп алған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров