Арал экологиясын жақсартуға арналған бағдарлама бекітілді

Экспресс К

sogda-tour.com

ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған делегация Душанбеде «Халықаралық Аралды құтқару қоры» басқармасының отырысына қатысты, деп хабарлайды ЭК primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Делегация құрамында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов және Тәжікстандағы елші Асқар Тәжібаев болды.

Келелі кеңесте делегация басшысы қордың Атқарушы комитетіне мемлекет басшыларының шешімдеріне түгендеу жүргізуді, Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен қордың жұмыс істеп тұрған институттары негізінде ХАҚҚ-тың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіруді, Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру жөніндегі бастамасын іске асыру қажеттігін атап өтті.

Роман Скляр Арал теңізі бассейнінің су шаруашылығын, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың қажеттілігін, "Сырдария" мен "Әмудария" бассейндік су шаруашылығы бірлестіктерінің рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Айта кетер тағы бір маңызды мәселе, қатысушы тараптардың қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз етуді ескере отырып, су-энергетика ресурстарын пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың пәрменді тетігін әзірлеу ұсынылды.

Келісім қорытындысында Тәжікстанның төрағалығы кезеңіне арналған ХАҚҚ атқарушы комитетінің жұмыс жоспары қабылданып, "Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы" (АБКБ-4) бекітілді.

АБКБ — су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғауға, Арал теңізі бассейнін экологиялық сауықтыру мен әлеуметтік-экономикалық дамытуға, сондай-ақ ХАҚҚ-ның институционалдық-құқықтық тетіктерін жетілдіруге қол жеткізуге бағытталған өңірлік бағдарлама болып табылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров