Алматы әкімі жаңа жолайырықтар жөнінде айтты

Қанат ЕСКЕНДІР

Pixabay

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала аумағында жүргізіліп жатқан жолайырық құрлысының жәй-күйімен таныстырып, биыл ашылатын жол тораптарын айтып өтті, деп хабарлайды ЭК.

Қала басшысы "Алматы" телеарнасы арқылы өткізген онлайн-таныстырылымында Бұқтырма-Құлжа бағытындағы жолдардың қала мен облыс тұрғындарының қатынауына ыңғайлы жағдай жасайтынын, әсіресе, облыс халқының қала орталығы мен Алматы әуежайына қиындықсыз жетуіне мүмкіндік тудыратынын атап айтты.

Жүргізіліп жатқан құрылыс Құлжа тас жолы арқылы тәулігіне 77 мың, ал Бұқтырма бағытында 60 мың автокөліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз етпек. Биыл бұл жолдардың жекелеген тұстары қолданысқа беріліп, келер жылы толықтай ашылады.

Сондай-ақ, әкімнің мәлімдеуінше, тәулігіне 65-76 мың машина өткізетін Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жерасты туннелі биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Бұл жерасты жолдарының ұзындығы 690 метр.

Ал Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысындағы жан-жақты бағыттарды қамтыған көпір-жол Рысқұлов даңғылының үстімен өтеді. Эстакада маңынан жерүсті жаяу жүргінші жолын салу да қарастырылуда. Жоба бойынша тәулігіне Рысқұовпен 80 мың, Емцов көшесімен 40 мың көлік өтеді деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, әкім биыл Саин және Мөңке би көшелерін байланыстыратын жаңа жолайырық жұмысының басталатынын айтып өтті. Келешекте бұл маңда 2,3 шақырымдық веложол, көше шамдары, жаяу жүргінші жолдары салынбақ. Жолайырықтың сыйымдылығы — тәулігіне 100 мың автокөлік болмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров