Үш адам дәретхана шұңқырына құлап, мерт болды

Қанат ЕСКЕНДІР

ТЖД

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында үш бірдей кісі дәретхана шұңқырына құлап, көз жұмды деп хабарлайды ЭК.

Облыстық Төтенше жағдайлар басқармасынан жеткен хабарда, әуелі 2020 жылы туған жас сәби дәретхана шұңқырына түсіп кеткендігі айтылады. Оны өздігінен шығарып алмақ болған 2009 жылғы ағасы да шұңқырдан шыға алмай қалған. Екі баласын құтқармақ боп шұңқырға түскен балалардың әкесі де улы газдан уланып есінен танған. Ең соңынан көмекке жеткен әжелері де сол жерден шыға алмай, жан тапсырыпты.

Оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағы төрт адамның денесін шұңқырдан шығарды. Өкінішке орай, жас балалар мен олардың әжесі сол жерде қайтыс болған, ал, улы газдан есін жиған отағасы облыстық ауруханаға жөнелтілген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров