«Бензин әлі де қымбаттайды!» дейді сарапшылар

Қанат ЕСКЕНДІР

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Сарапшылар елімізде жанар-жағармай бағасы күн санап қымбаттап жатқанын айтып дабыл қауғда, деп хабарлайды ЭК.

Бензиннен кейін, басқа да тауарлардың, оның ішінде азық-түліктің де қымбаттайтынын айтады, энергетика саласының қазақстандық сарапшысы Сергей Смирнов "Астана" арнасына берген пікірінде. Оның айтуынша, қазір көршілес Ресейде АИ-95 бензинінің бағасы 50 рубль. Ол біздің ақшаға шаққанда шамамен 300 теңге.

Бізде қалай айтпаса да, бензин бағасы ресейлік жанармай бағасымен шешіледі. Оның үстіне, 2025 жылы ортақ энергетикалық нарық қалыптасуы тиіс. Соған орай бензин бағасы да біркелкі болады, дейді Сергей Смирнов.

Наурыз айынан бастап Қазақстанда бензин бағасы 10%-ке өскенін Энергетика министрлігі растап отыр. Жанармай нарығы өзіміздің мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды талап етуде. Алайда, модернизациялау жұмыстары кезінде туындайтын бензин тапшылығы бәрібір бензиннің қымбаттауына ұрындыруы мүмкін.

-Павлодар мұнай өңдеу заутын қайта жөндеу жұмыстары шілде-тамыз айларына жоспарланып отыр. Оңтүстік өңірлерде туындаған жағдайға байланысты біз ҚазМұнайгаз мекемесімен бірлесіп жөндеу жұмыстарын кейінге қалдыру-қалдырмау мәселесін қарастырып жатырмыз. Жуырда біз бір шешімге келіп, толық ақпарат беретін боламыз, -дейді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров