Қазақстандық комикс «Әлемдік үздік туындылар» қатарында

Қанат ЕСКЕНДІР

forbes.kz

Қазақстандық Tengri Comics электронды баспасы шығарған «Ермек батыр» комиксі Google Play-дің «Үздік сатылым» айдарында миллион таралымнан асып, ең өтімді өнімдер қатарына енді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл жөнінде Forbes.kz редакциясына жоба авторларының бірі Бекзат Мырзахметов хабарлаған. Оның айтуынша, "Ермек батыр" туындысы айына 32 мың тиражбен оқылып, маусым айында таралымы миллионнан асқан. Комикс оқырмандарының 40%-і отандық, қалған 60%-і — Ұлыбритания, Ресей, Украина және Беларусь тұрғындары екен.

forbes.kzforbes.kz
forbes.kz

"Ермек батыр" комиксі — АҚШ нарығындағы Amazon-ComiXology платформасында сатыла бастаған тұңғыш қазақстандық туынды. Комикс авторлары Мәдібек Мұсабеков пен Бекзат Мырзахметов өз еңбектерін алғаш 2018 жылы ағылшын тілінде шығара бастады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров