Шымкенттік 2 жігіт өмір бойына сотталды

Қанат ЕСКЕНДІР

Pxhere

Шымкентте былтыр күзде 2 көлік жүргізушісін аса айуандықпен өлтірген қос қылмыскерге сот қатаң үкім шығарды, деп хабарлайды ЭК.

Шымкенттік Aibat ақпарат қызметінің жария мәлімдеуінше, қылмыскерлер әуелі әкімдікте қызмет ететін 23 жасар жігітті өлтірген. Ол жұмыстан бос уақытында өз көлігімен кісі тасымалдауды әдетке айналдырған. 8 қазан күні марқұм өз көлігіне екі мас жігітті отырғызған. Жолда әлгі жігіттер көлік иесіне тарпа бас салып, буындырып өлтірген. Құрбандығының телефоны мен 38 мың теңгесін иеленген олар мәшинені иесімен бірге өртеп жібереді.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

13 қазан күні олар есірткіге масайып, 38 жастағы такси жүргізушісін айуандықпен өлтіріп, ақшасын алып кеткен. Кісі өлімінен басқа, олар 15 күннің ішінде есірткі қолдану, қарулы шабуыл, ұрлық секілді 8 ауыр қылмыс жасаған.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Аз уақыт ішінде ауыр қылмыс істеген — 1994 жылы туған Нұрадинов, 1998 жылғы Кенжебек Нұрсұлтан, 1984 жылғы Ахметов Қайрат және 1983 жылғы Күмісов Бағлан бұрын қарулы шабуыл жасап, ұрлық істегені үшін сотты болғандар. Олардың үшеуі Түркістан облысының тумалары, ал, біреуі шымкенттік. Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық соты олардың екеуін өмір бойына бас бостандығынан айырып, қалған екеуіне 10-11 жылдан үкім кесті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров