Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс күшіне енді

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Pxhere

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

— Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді.

"Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі. Әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап арыздар енді "әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау" қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімінің дұрыстығын сот алдында дәлелдеуге тиіс, — деді Берік Уәли.

Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша, бұл құжат "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналмақ.

Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап беретін болады,

деп тұжырымдады Берік Уәли.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров