Теңге, қайда барасың?

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ұлттық валюта жыл соңына дейін тағы құлдырауы мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

Теңге төңірегіндегі мәселеге қатысты ЭК тілшісіне экономист Мақсат Халық пікірін білдірді. Айтуынша төл ақшаның құнсыздануына бірнеше себеп бар. Олар: Девальвация, мұнай бағасы, пандемия, инфляция.

"Мұнай бағасы қазір қатты өсіп жатыр, барреліне 75 доллардан рекордтық деңгейге жетті. Оның жағдайында рубль күшейіп жатыр, ал теңгеміздің күшейетін ойы жоқ секілді. Бұл теңгеміздің құнсыздануына алып келеді. Бұдан бөлек тағы бір негізгі факторлардың бірі — елімізде болып жатқан инфляция. Жаппай азық-түлік бағасының қымбаттауы, азық-түліктің инфляциясы тіпті 11 пайыздан асып жатыр. Осы жағдайдың бәрі белгілі дәрежеде теңгемізді құнсыздандырады", — деді экономист Мақсат Халық

Кей сарапшылар жағдай осы қарқынмен кетсе жыл соңында 1 доллар 500-теңгеге жетуі ғажап емес дейді.

Ал Ұлттық банк өкілдері мәселенің қай арнаға бұрыларын әзірге ашып айтпады. Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 427,79 теңгеге сатылып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров