Коронавирус: 488 адамның жағдайы ауыр


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы соңғы мәліметті таратты, деп хабарлайды ЭК.
1 шілдедегі ақпарат бойынша, 26 122 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 24 802 адамнан алынған ПТР тест — оң, 1320 адамдыкі — теріс нәтиже көрсеткен. 7 738 пациент стационарда, 18 384 науқас амбулаторияда ем қабылдап жатыр.
Коронавирус жұқтырғандар арасында 488 адамның жағдайы ауыр. Ал 103 пациенттің жағдайы өте ауыр. Өкпені жасаны желдету аппаратында 68 науқас жатыр.