Жапонияда автокөліктергеде "қара жәшік" орнатылады

Экспресс К

nippon.com

2022 жылдан бастап жапондық автомобиль шығарушы компаниялар өздерінің жаңа көліктеріне бейнебақылау камерасын орнатуға міндетті, деп хабарлайды ЭК.

Жапония Көлік министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, құрылғы жол апатының себеп салдарын анықтауды жеңілдетеді. Бейнебақылау камерасындағы жазбаларға қарап, апаттың көліктегі ақаулар немесе жүргізушінің қателігінен болғанын білуге болады. Сондай-ақ, бейнежазбалар көлік құралдарындағы қауіпсіздік технологияларын жетілдіріп отыруға да септігін тигізеді, дейді мамандар. Бір сөзбен айтқанда бұл бейне құрылғының көмегі дәл ұшақтағы "қара жәшікпен" бірдей.

Жаңа ереже 9 адам сиятын жеңіл көліктер мен жалпы салмағы 3,5 тоннадан аспайтын жүк көліктеріне қатысты. Ал, 2026 жылдан бастап барлық үлгідегі көліктерге орнатылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров