Әуе компаниялары ПТР-тестті QR-код арқылы тексереді

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Еліміздегі әуе компаниялары ПТР-тестке қатысты талапты күшейту мақсатында біршама өзгерістер енгізуді қолға алуда, деп хабарлайды ЭК.

Енді шет мемлекеттерге ұшу үшін қауіпті дертті жұқтырмағаныңыз туралы қағаз анықтамаңыздың болуы жеткіліксіз болмақ. Бұдан былай әуе компаниялары сынама тапсырғандығыңызды QR-код арқылы анықтайтын болады. КТК телеарнасының хабарлауынша, бұл жалған құжатты түпнұсқадан ажыратуға көмектеседі. Осы өзгеріс арқылы тексеріс кезінде сынама тапсырған зертханадан QR-кодты сканерлеу арқылы тікелей анықтайды.

"Яғни жолаушының расымен сынама жасатқан немесе жасатпағанын көрсетеді. Өйткені бұған дейін жалған құжатпен келген бірнеше дерек тіркелді. Мамыр айының өзінде осындай 15 жағдайды анықтадық", — дейді Әуе тасымалдаушылары комитетінің төрағасы Всеволод Ким.

QR-код арқылы анықтауды әзірге Оңтүстік Кореяға ұшатын жолаушыларға қолданылмақ. Алдағы уақытта бұл қатаңдатылған шара барлық шет елдерге сапар шегетін қазақстандықтарға міндеттелмек. Әрине, бұл — бірінші кезекте ел азаматтарының пандемия кезіндегі қауіпсіздігі үшін қабылданған шара.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров