Дельта-штамм Шымкентке жетті

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Вирус белгілері туғанына бір ай толмаған сәбиден табылды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Жаңа штамм тез тарайды, жұққан адамның ауруы тез асқынып кетеді. Балалар арасынан да шығып жатыр. Бүгін туғанына бір ай толмаған сәбиден табылды,

деп жазды Шыңғыс Мұқан.

Айта кетейік, Шымкент қаласы да бүгіннен бастап қызыл аймаққа енді. Өткен тәулікте Covid-19 инфекциясын жұқтырған 143 жағдай (109 симптоммен, 34 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 46 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 97 адам үй бақылауына алынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров