Astana Finance Days 2021 конференциясы басталды

Бек ТӨЛЕУОВ

aifc.kz

Жыл сайын өтетін дәстүрлі Astana Finance Days конференциясы биыл 1-3 шілде күндері өтеді, деп хабарлайды ЭК.

Биыл АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері нарықтарға дағдарыстан қалыпқа келуге мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынатындарын хабарлады.

"Өсуді қалпына келтіру" тақырыбына арналған онлайн-конференциясында мынандай бағдарламалар қамтылған:

• Fin&Tech Summit:

• Visa сессиялары

• Mastercard сессиялары

• Fin & Tech

• Business Connect Форумы

• Жасыл өсу форумы

• Макроэкономикалық форум

• Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы

• Білім беру технологиялары форумы

• АХҚО құқық конференциясы

• Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары және т. б.

Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері бар.

Astana Finance Days (AFD) — бұл "Астана" халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы.

2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13000-нан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5000-нан астам қатысты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров