Тоқаев бүгін жаһандық форумда үндеу жасайды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жолдамақ, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "БҰҰ — әйелдер" құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды", — деді баспасөз хатшысы.

Берік Уәлидің айтуынша, виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Форумның негізгі мақсаты — осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров