Қазақстандықтар бір айда 2 тонна алтын құйма сатып алған

Экспресс К

Pixabay

Мамыр айында қазақстандықтар жалпы салмағы 60,7 келі, 1 813 құйма сатып алды, деп хабарлайды ЭК.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Алтын құймалары 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық болып бес салмақта сатылған. Соның ішінде ең көп сұранысқа ие болғаны 10 грамдық құймалар. Оның жалпы сатылымдағы үлесі 30% құрайды.

Ұлттық Банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосқан болтын. Бағдарлама жүзеге асқалы бері жалпы салмағы 1,95 тонна 54 780 алтын құйма сатылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров