Жүк көліктері енді ары-бері еркін жүйітки алмайды


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Еліміздің автожолдарымен ауыр салмақты көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды ЭК
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, еліміздің солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғаспақ.
"Жазғы уақытта ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде белдік жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер жылда енгізіледі. Ал Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады", — деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері.